Қазақстандағы компанияның миллиардер басшысы Өзбекстанда өз Қорының өкілдігін ашты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Фаттах Шодиев халықаралық қорының өкілдігі Өзбекстан әділет министрлігінде тіркеуден өтті, деп хабарлайды uznews.uz.

Қордың негізгі мақсаты - балалар үйіне жан-жақты гуманитарлық қолдау білдіру, медициналық көмек көрсету бойынша қайырымдылық жобалар өткізу.

Айта кетейік, халықаралық қордың бас кеңсесі Лихтенштейнде орналасқан. Қордың Өзбекстандағы өкілдігінің басшысы болып Кейт Элизабет Магуайр сайланды.

Еске салайық, Фаттах Шодиев - Қазақстандағы ENRC ірі кен өндіру компаниясының тең иегері және тең құрылтайшысы. Ол Өзбекстан Республикасының Жиззақ облысында дүниеге келген. 

Соңғы жаңалықтар