Қазақстандағы интернет-сауданың әлеуеті зор - «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандағы интернет-сауданың әлеуеті зор. Бұл туралы «Сауда миссиясы: Қазақстан-2017» бизнес-конференциясында «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сакен Сарсенов айтты.

«Электрондық коммерция бүгінгі күні бүкіл әлем бойынша жылдам дамып келеді. Бұрын нарықтың  негізгі қозғаушы күші АҚШ болса, ал бүгінде Қытай қарқын алды. Қазірдің өзінде әлемдегі электрондық коммерция нарығының жыл сайынғы өсуі 30%-ға жетті, Қазақстанда - 25%, және өсімнің негізгі драйверлерінің бірі ретінде Қытай интернет-алаңдары болып отыр», - деді өз сөзінде Қазпошта басшысы Сакен Сарсенов

«Қазпошта» басшысының айтуынша, жаһандық электрондық коммерцияның көлемі 2 трлн. АҚШ долларына жеткен. Егер қазір әлемде 3,2 млрд. адам интернет қолданатын болса, оның жартысы (1,6 млрд. адам) онлайн сауда жасайды.

Ал, Қазақстандағы электрондық коммерция нарығының көлемі 2016 жылғы қорытынды бойынша 157 млрд. теңге болды. Бұл дегеніміз бөлшек сауда көлемінің 2,6% немесе ҚР-ның ЖІӨ-нің 0,32%-на тең.

null

«Бүгінде елімізде электрондық сауданың жұмыс істеуі үшін базалық жүйе жақсы дамыған: 200-ден астам интернет-дүкені, 70-тен астам логистикалық компания жұмыс жасайды, түрлі төлем құралдары да бар. Қазақстанда тұрғындардың 72% интернетті қолданады, ал интернет-дүкендерден олардың тек 6% ғана сауда жасайды. Бұл деректер біздің елімізде электрондық сауданы өсіру үшін орасан зор әлеует бар екенін көрсетеді», - деді Сәрсенов.

Қазпошта басшысы Қазақстанның транзиттік әлеуетін де тілге тиек етті.

Оның айтуынша, Қазақстанның  Қытай мен Еуропа арасында орналасуының өзі еліміздің транзиттік әлеуетін арттыра түседі.

«Алиэкспресс таратқан ақпаратқа сәйкес, 2020 жылға қарай Қытайдан Ресейге жылына - 576 млн, Кытайдан Еуропаға - 250 млн, Ал Еуропадан Қытайға 800 млн сәлемдеме жіберілетін болады. Бұның барлығы Қазақстан арқылы өтеді. Былтыр Қазақстан арқылы 10 млн сәлемдеме өтеді, Биыл 8 айда 15 млн. сәлемдеме Ресейге жіберілді. Теңізбен тым ұзақ, ұшақпен тым қымбат, Қазақстан арқылы өтетін теміржол ең қысқа, әрі тиімді жол деп қытайлықтардың өзі айтады», - деді С.Сәрсенов.

Қазақстандағы кіріс поштаның жалпы көлемінде қытайлық сәлемдемелердің үлесі жылдан жылға артып келеді және бұл күні 60%-дан асады. Қазірдің өзінде Қазақстанға шетелден күніне 20,4 мыңнан астам сәлемдеме жеткізіледі, және Қазақстан ішінде күніне 12,4 мың сәлемдеме, 2020 жылға қарай нарық күніне 300 мың сәлемдемеге дейін артпақ.

null

Сондай-ақ қазақстандықтар шетелдерден Алиэкспресс, Амазон, Ибэй сияқты интернет-дүкендерден белсенді түрде сауда жасайды. Сәлемдемелерді жеткізу мерзімдерін Қазақстан бойынша 15 күннен 6 күнге, басқа елдерден 45 күннен 18 күнге дейін қысқарту туралы «Қазпошта»АҚ жобалары да өсімге әсер етеді.

Сонымен қатар компания бөлімшелер мен сұрыптау орталықтарын жаңартты және автоматтандырды, 74 сәлемдеме супермаркетін іске қосты, 130 постамат орнатты. Бұлардың бәрі қызметтің тиімділігін артыруға және тұрғындар мен бизнес үшін логистикалық қызметтер құнын төмендетуге мүмкіндік туғызды.

Транзиттік жобаларға қатысу үшін және жалпы алғанда Қазақстанның транзиттік әлеуетін дамыту үшін, компания Қытайдан Еуропаға және кері қарай Қазақстан аумағы арқылы өтетін транзиттік жөнелтімдерге арналған хабтарды іске қосты.

null

Бұл жобалар Қытайдан, Ресейге және Еуропаға барлық транзиттік көлемдердің 20 %-дан астамын Қазақстан арқылы өткізуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар