Қазақстандағы ең ұзын алма бәліші Талдықорғанда пісірілді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін талдықорғандықтар қала күнін ерекше сән-салтанатпен тойлауда. Қала қонақтары мен тұрғындарына ерекше тарту 100 метрлік алма бәліші болды. Ұзындығы 100 метр, ені 40 см болатын тәтті тағамнан алғашқы болып Алматы облысының әкімі Амандық Баталов дәм тәтті.

«Дәмі тіл үйіретін тәтті бәлішке 450 келі алма, 390 келі ұн, 117 келі қант, 90 литр сүт, 70 келі май, 5 келі ашытқы және 300 жұмыртқа пайдаланылды», - дейді ұйымдастырушылар.

Алма бәліші  «Талдықорған  бақ қала» фестивалі аясында әзірленді. Айта кетейік, бүгінде ғалымдар алманың отаны  Қазақстанның Алатау бөктері екенін дәлелдеп жатыр.  Әлемдегі алма атаулысы  сиверс алмасынан (жабайы алмадан) тараған. Қазір жер жүзіндегі сиверс алмасының 68 пайызы Алматы облысында. Осыған байланысты «Талдықорған  бақ қала» жобасының мақсаты  осы сиверс алмасын көбейтуге үлес қосу.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында қала әкімдігі Тәуеліздіктің 25 жылдығына 25 мың түп ағаш отырғызу акциясын бастаған болатын. Бұл шара кейіннен «Талдықорған  бақ қала» жобасына ұласты. Оның аясында бүгінге дейін шаһарда 38 мың түп көшет отырғызылды.

null 

 

Соңғы жаңалықтар