Қазақстандағы ауыл шаруашылығы артта қалған өңірлер аталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вице-премьер - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев министрліктің алқа мәжілісінде ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру бойынша жоспарды орындамаған өңірлерді атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ауыл шаруашылығы саласының ішкі жалпы өнімінің мөлшері Мемлекет басшысы мен Үкіметтің бақылауында. 2,9 пайыздық көрсеткішке өткен жылы қол жеткізсек те, бірқатар салалар орташа көрсеткіштен де төмен болып тұр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысы - 2 пайыз ғана... Солтүстік Қазақстан да (...) Ең қызығы, біздің негізгі астық қоры саналатын - Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстары - орташа көрсеткіштен төмен», - дейді Өмірзақ Шөкеев.

Осыған байланысты АШМ басшысы облыс әкімдерінің орынбасарларына бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды.

«Әкімдерді ай сайын тыңдайтын боламыз. 2018 жылдың қаңтары бойынша сұралған параметрлердің республика бойынша көрсеткішінің 3,7 пайызы бар. Бірақ, артта қалған өңірлер де баршылық. Әртараптандыру бойынша - Қостанай облысы 68 мың гектарлық, Қарағанды облысы 63 мың гектарлық, Ақтөбе облысы 62 мың гектарлық меморандумды орындамады», - дейді Өмірзақ Шөкеев.

Соңғы жаңалықтар