Қазақстандағы алғашқы әскери журналистер ЖОО-ны аяқтады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Биыл Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті тұңғыш әскери журналистерді оқытып шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖОО мамандарының айтуынша, Қазақстанда бұрын-соңды мұндай мамандық болмаған.

Әскери журналистерді дайындау үшін 2015 жылы алғаш рет әскери кафедраға студенттер қабылданды.
null

Оқу барысында студенттер экстремалды және әскери журналистиканың, халықаралық гуманитарлық құқық негіздерін меңгеріп, әскери терминология туралы мағлұмат алды.

Жақында әскери журналистер тіпті ант қабылдады. Оған дейін запастағы офицерлер үшін Құрлықтағы әскердің Әскери институт полигонында оқ атудан жаттығулар өтті.  

Аз күнде 17 адам қорытынды емтихан тапсырады.
null

«Жылда біздің кафедраны запастағы 120 офицер бітіріп шығады. Биыл оның 17-сі - әскери журналистер. Мұндай мамандар мемлекет қажеттілігіне қарай даярланады. Әлемдегі шиеленіске толы ахуалға қарап отырып, мұндай мамандықтың керектігін түсініп отырмыз», - деді Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті әскери кафедрасының басшысы Руслан Әбесінов.

Айта кету керек, аталған кафедрада әскери журналистерден бөлек, әскери аудармашылар даярланады.

Білім алып шыққан студенттердің басым көпшілігі Қазақстан Қарулы Күштерінің сапында қызмет етіп келеді.

null

Соңғы жаңалықтар