Қазақстанда жылына 20 млн адам темір жол қызметін пайдаланады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада халықаралық жолаушылар форумы ашылды. Оған Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдердің Грузия, Украина, Молдова, Латвия, Литва, Эстонияның теміржол саласы өкілдері қатысты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

 Достастыққа қатысушы елдердің Теміржол көлігі Кеңесінің Дирекциясы ұйымдастырған шарада, форум қатысушылары алдында, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Даму жөніндегі вице-президенті Арман Сұлтанов сөз сөйледі. 

«Биылғы жылы компанияның құрылғанына 20 жыл толды. Бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ барлық көлік түрлерінің инфрақұрылымы мен қызмет түрлерін шоғырландырған ұлттық көлік операторы болып табылады», - деп атап өтті А. Сұлтанов. Сонымен қатар теміржол саласындағы және жолаушылар тасымалдаудағы серпінді жаңғырулар туралы баяндады.

Оның айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы сәулелік тәртіппен және еліміздің өңірлерін ықпалдастыру арқылы жүзеге асырылуда. Компанияда жүрдек жолаушылар қозғалысын дамыту Бағдарламасы атқарылуда.

Қазіргі таңда Қазақстанның барлық ірі қалалары қазақстандық өндірістен шыққан «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарынан жасақталған 15 жүрдек жолаушылар бағдары желісімен қамтылған. Ол арқылы пойыздардың бағдардағы жол жүру мерзімі 1,5-2 есеге дейін қысқарды. 

2016 жылдан бастап «Тұлпар-Тальго» өндірісінде жаңа да жайлы, кең қорапты вагондарымен алмастыру басталды. 2022 жылдарға дейін 21 жылжымалы құрамды алмастыру жоспарланып отыр.

«Цифрлы теміржол» жобасы аясында жолаушылар тасымалдау қызметін сандық жүйеге көшіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.  Халықаралық ЭКСПО- 2017 көрмесінің ашылуы қарсаңында заманауи «Нұрлы жол» вокзал кешені пайдалануға берілді.

Бүгінде ұлттық тасымалдаушы 120 бағдарға қызмет көрсетіп, жылына 20 миллионнан астам жолаушыны тасымалдайды. Биылғы жарты жылда 10 милионнан астам жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, екі пайызға жоғары көрсеткіш. Оның ішінде «Тұлпар-Тальго» пойыздарымен 1 миллион 200 мың жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 30 пайызға жоғары көрсеткіш.
null

Биылғы жылы жаңадан «Алматы-Ташкент» халықаралық бағдары ашылды. Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында 14 бағдарға қосымша пойыздардың бағдары, оның ішінде екі бағдарға «Самарқан - Астана-Нұрлы жол» және «Душанбе - Астана-Нұрлы жол» халықаралық пойыздары жіберілді.  

Жолаушыларға барынша қолайлы болу үшін электронды билет алудың 10 интернет порталы, мобилдік ұсынымдар қызмет көрсетеді. Осылайша, электрондық сандық формадағы билеттердің  80-90% иелерін табады. Сонымен қатар әуе кассаларымен де  «Амадеус» желісі арқылы электрондық билеттер сатылады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылар тасымалдауды дамыту және қызмет сапасын көтеру және жолаушыларға жайлы болуы үшін барлық шараларды қолдануда. 

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы «халықаралық бағдарлардың тиімділігін көтеру, тарифтің бәсекелестікке сәйкестігін дамыту, жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға жаңа технологияларды тарту үшін бірлескен стратегиялық даму жоспарын түзудің қажеттігін» атап өтті. Осы жолаушылар ағынын тарту мақсатындағы соңғы үлгідегі қадамдарды анықтап, бірлескен жобаларды талқылаудың нәтижесі жемісті болатындығына сенім білдірді.

Форум қатысушылары халықаралық бағдардағы жолаушылар тасымалдауды әрі қарай дамытудағы қызмет сапасы мен тиімділігін көтеру, вагондардың жайлылығын жақсарту, жолаушыларға қызмет көрсету саласына жаңа технологияларды енгізу, жолаушылар тасымалдау нарығын мемлекеттік реттеу барысы туралы маңызды мәселелерді талқылады.

Форумда Достастыққа қатысушы елдердің Теміржол көлігі Кеңесі Дирекциясының төрағасы П. Кучеренко, «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Н. Қилыбай, «РТЖ» ААҚ жолаушылар тасымалдау жөніндегі директоры Д. Пегов, «Федеральдық жолаушылар тасымалдау компаниясы» ААҚ бас директоры П. Иванов, Белорусь темір жолының жолаушылар қызмет көрсету басқармасының  бастығы А. Захаревич, «Литва темір жолдары» АҚ директорының орынбасары Э. Лазеускас  баяндама жасады.

Халықаралық жолаушылар форумының қатысушылары халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін аралады. «Тұлпар-Тальго» жолаушылар вагондарын шығаратын кәсіпорнында болып, «Нұрлы жол» заманауи теміржол вокзалын тамашалады.

Соңғы жаңалықтар