Қазақстанда жыл басынан бері 66,4 млн тонна мұнай өндірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 2017 жылдың қаңтар-қараша аралығында 66,466 млн тоннаны құрады. Бұл  2016 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда 11,6 пайызға артық, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есептік кезеңде 12,101 млн тонна газ конденсаты өндірілген (өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,3 пайызға артық), табиғи газ - 48,119 млрд текше метр (+14 пайыз), көмір - 100,579 млн тонна (+9,6 пайыз), темір кені  - 35,902 (+5,3 пайыз), хром концентраты - 4,186 млн тонна (+11,3 пайыз).

Соңғы жаңалықтар