Қазақстанда жыл басынан 182 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ағымдағы жылы 326 кооператив құруды жоспарлап отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Биыл алғашқы тоқсанда 182 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды. Соның ішінде 62 кооперативте сүт қабылдау бекеті бар. Ал 58 кооперативте қасапқана құрылды", - деді вице-министр Қайрат Айтуғанов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, отырыс барысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев көктемгі егістік жұмыстарына жеткізілетін жанар-жағармайдың бағасын жариялады . Оның айтуынша, мамыр айында бағалар өзгеруі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар