Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы ақпанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 440,7 мың адамды құрады. Осы орайда жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына қарағанда 4,9 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі мәліметінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2018 жылғы ақпанның соңына 120,3 мың адам болды. Бұл көрсеткіш экономикалық белсенді халық санына шаққанда 1,3 пайыз деңгейінде.

Соңғы жаңалықтар