Қазақстанда жолаушылар шағымы үшін бірыңғай нөмір іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас көлік прокуратурасы және «Транстелеком» АҚ бірлесіп жолаушылар пойыздарындағы қызмет көрсету сапасын жақсарту және жолаушылармен кері байланыс орнату  мақсатында «Үндеулер есебінің бірыңғай жүйесі» пилоттық жобасын іске қосты.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл жүйе шағымдардың санын азайтуда нақты шаралар әзірлеу және қолдану, келіп түскен шағымдарға мерзімді талдау жасау және жолаушылардың талаптарын қанағаттандыру бойынша жедел шаралар қолдану үшін «Транстелеком» базасында бірыңғай Call-орталық арқылы жұмыс істейтін болады.

Енді жолаушылар 14-33 нөміріне қоңырау шалып, өзінің үндеуін тіркеп, операторға өзінің байланыс деректерін қалдыра алады.

Қазіргі таңда Call-орталық арқылы бірінші үндеулер тіркелді, оларға тиісті жауаптар берілді. 

Соңғы жаңалықтар