Қазақстанда жеңілдетілген ипотеканы беру басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің 13 өңірінде жаңа баспаналы болуға жеңілдетілген ипотеканы ұсыну басталды. Бұл туралы Парламент Мәжілісінде Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрылыс салушылармен баспана тұрғызуды ынталандыру бойынша жұмыс жүріп жатыр, осы орайда олардың несиелерін субсидиялау ескерілген. Бүгінде екінші деңгейлі банктердің қарауына құрылыс компанияларынан 57,5 млрд теңгенің 33 жобасы келіп түсті. Жалпы, 31 млрд теңге сомасындағы 14 жоба мақұлданды», - деп тоқталды Р. Скляр Парламент Мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға Ұлттық қорынан бөлінетін қаражаттың және бюджет қаржысын мақсатты әрі тиімді жұмсалуына бақылау жүргізу бойынша комиссияның отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, осы арқылы құрылыс салушылар жылдық 10 пайыз мөлшерінде несие алады, ал мемлекет несие бойынша 7 пайыз көлемінде сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін өтеуге жауапкершілікті өзіне алады.

«Республиканың 13 өңірінде жаңа баспананы алуға халыққа жеңілдікті ипотеканы ұсыну бойынша екінші деңгейлі банктермен тиісті жұмыстар басталды. Бүгінде банктер жалпы сомасы 4,3 млрд теңгенің өтінімдерін қабылдады, оның ішінде 4 млрд теңгеге тарта сомадағы өтінімдер мақұлданды. Бұл бағытта да түпкілікті қарыз алушыға дейін оның құны жылдық 10 пайызды құрауы үшін, мемлекет өзіне 7 пайызға дейін ипотеканың сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін өтеу тұрғысында міндеттемені алады»,-деп түсіндірді Скляр.

Соңғы жаңалықтар