Қазақстанда желтоқсан айында бес медициналық нысан жекешелендірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016-2020 жылдардағы жекешелендірудің кешенді жоспары аясында 2017 жылдың желтоқсанында 5 республикалық нысан жекешелендірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

Нысандардың сатылым құны 18 246 млн теңгені құрады.

Жекешелендірілген медициналық нысандардың қатарында Ұлттық ғылыми медициналық орталық бар. Оның құны - 600 млн теңге. «Қазмедтех» АҚ сатылғаны туралы да хабарланды, негізгі қызмет профилін 3 жыл бойы сақтау шартымен оның құны 5801 млн теңгеге бағаланған. Сонымен бірге Академик Б.У. Жарбосынов атындағы урология орталығы да жекешелендірілді.

Негізгі қызмет профилін 10 жыл бойы сақтау шартымен сатылымға шығарылған аталмыш нысанның бағасы - 1105 млн теңге. Көз аурулары ғылыми зерттеу институты негізгі қызмет профилін 10 жыл бойы сақтау шартымен 2300 млн теңгеге сатылды. «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы» АҚ негізгі қызмет профилін 10 жыл бойы сақтау шартымен 3040 млн теңгеге сатылды.

Соңғы жаңалықтар