Қазақстанда жазасын өтеп жүргендерге арналған электронды білезіктер жасалады - ҚР ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, соңғы жылдары жазасын түрмеде өтеуге жіберілетін азаматтардың саны азайды.

Себебі қылмыстық жазаны барынша ізгілендіру шаралары атқарылып келеді. Осының нәтижесінде шартты түрде бас бостандығынан айыру шешімдері шығарылады. Ал ондай адамдарды пробация қызметі бақылайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2009 жылы Қазақстанның түрмелерінде 49 мың адам жазасын өтесе, бүгінде тұтқындардың саны 29 мыңға дейін азайды. Ал бостандыққа шыққан және шартты жазаға кесілгендер мемлекеттің жіті бақылауында болады. Аталған жұмысты қылмыстық атқару инспекциялары негізінде құрылған пробация қызметі атқарады.

«Соттың шешімімен бостандықта жазасын өтеп жүргендердің тәрбиесін дәл осы пробация қызметі бақылайды. Жыл басынан бері осы қызмет арқылы 43 мың адам өтті. Алдағы уақытта біз пробация қызметі бойынша теxникалық қадағалау құралдарын, яғни электронды білезіктерді енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз электронды білезіктер мәселесін талай рет талқыладық. Қазіргі кезде ондай құралдарды өз елімізде шығару туралы шешім бар. Бұл бастаманы мемлекеттік-жекешелік серіктестік негізінде іске асыру жоспарланған», - деді Тұрғымбаев бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, электронды білезіктер жүйесін енгізу үшін біраз ақша қажет болады. Себебі білезіктерден бөлек компьютрлік теxниканы да алуға тура келеді. Сосын әрбір қала мен ауданда арнайы кабинетті жасақтау қажет. Ол арқылы жазаланғандарды бақылап отыруға болады.

Соңғы жаңалықтар