Қазақстанда жайылымдық жерлердің электронды геоботаникалық картасы жасалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылымдық жерлердің электронды геоботаникалық картасын жасап жатыр. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының кеңесінде «Аграрлық сала» бағыты бойынша өткен комитет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жайылым жерлердің шөп шығымдылығы мен жай-күйін анықтау үшін министрлік геоботаникалық зерттеу жұмыстарын жүргізуді қолға алды. 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына сәйкес, құны 3,3 миллиард теңгеге 33 миллион гектарлық жайылым жерге геоботаникалық зерттеу жүргізіледі. Ал электронды карталарды жасауға 265 миллион теңге жұмсалады. Биылғы жылы 325 миллион теңгеге 3,8 миллион гектарлық аумаққа зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстың нәтижесі геоботаникалық карталарда электронды форматта жарияланатын болады», - дейді Ерлан Нысанбаев.

Вице-министрдің айтуынша, карталарда жердің сапалық мінездемесі, жайылымдардың шөп шығымы, жер учаскелерінің кадастрлық бағасын анықтауға мүмкіндік беретін алқаптардың өнімділігі көрсетілетін болады.

«Аталған жұмысты бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы мен оның өңірлердегі филиалдары атқарып жатыр», - дейді Ерлан Нысанбаев.

Соңғы жаңалықтар