Қазақстанда жанжалқой жолаушыларға ұшақпен ұшуға тыйым салынуы ықтимал

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас көлік прокуроры Ыбрай Тілеуғалиев Қазақстанда жанжалқой жолаушыларға ұшақпен ұшуға тыйым салу туралы ұсыныс айтты.

Оның айтуынша, ресейлік тәжірибе бойынша, деструктивті жолаушылар "қара тізімге" енгізіледі. Әуекомпаниялары ондай жолаушыларды ұшаққа кіргізбеуге құқылы.

"Бұл тақырып Қазақстанда ғана емес, Ресейде де өзекті. Осы жақында ғана Ресейде жазаны күшейту туралы ұсыныс жасалды. Тіпті ондай жанжалқой жолаушыларды ұшаққа кіргізбейтін кездер де анықталды. Бұл өте тиімді шара", - деп атап өтті прокурор.

 ҚР Бас көлік прокуратурасының экономикалық-әлеуметтік сала бойынша заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы Алмас Амановтың xабарлауынша, қазіргі уақытта ұшақта жанжал шығаратындар саны артуда. Бұл өз кезегінде ұшақтағы өзге азаматтарға кедергі келтіреді. Ең бастысы ұшақтың ұшу кезіндегі қауіпсіздігіне нұқсан келеді.

"Әуекомпанияларда ұшу барысында шу шығарып, жанжал жасаған жолаушыларды тасымалдаудан бас тартуға  құқығы бар. Алайда бұл оқиғалардың алдын алу бойынша нақты критерийлер жоқ. Нәтижесінде мұндай оқиғалармен олар бетпе-бет келуге мәжбүр", - дейді А. Аманов. 

 

Соңғы жаңалықтар