Қазақстанда жанар-жағармай бағасы қымбаттауда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатардағы тұтынушылар үшін Қазақстандағы жанар-жағармай материалдарының өзіндік өндірісінің өсімі мен импорттың қысқаруы бағаның артуына әкеп соқты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Сонымен қатар,  2017 жылдың тамыз айында 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда ішкі нарыққа негізделген мотор бензинін өндірушілердің бағасы 4,5%-ға өсті, қысқы дизель отыны - 0,5%, ал, жазғы - бірден  14,5%-ға өсті.

Жергілікті мұнай өндіруші зауыттарда небәрі 3,1 млн тонна дизель отыны  өндірілді, бұл былтырғы жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда, 1,8 пайызға төмен.

2017 жылдың тамыз-шілде айларында Қазақстанға барлығы 188,9 мың тонна дизель отыны жеткізілген, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге кем. Сондай-ақ, осы аралықтағы автомобиль бензинінің импорты 625,9 мың тоннаны құрап, 2016 жылдың осы кезеңіндегі көлеммен  салыстырғанда,   2,4 пайызға кеміді. 

Соңғы жаңалықтар