Қазақстанда жаңа үйдің бағасы 1,3 пайызға қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2017 жылдың желтоқсан айында жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 253 242 теңгені құрады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш өткен айдың көрсеткішімен салыстырғанда өзгермесе де, 2016 жылдың желтоқсан айының көрсеткішімен салыстыра қарағанда 1,3 процентке қымбаттаған.

Қайта сату кезінде толық салынған (абаттандырылған) үйдің 1 шаршы метрінің орташа бағасы желтоқсан айында 185 664 теңге болса (өткен аймен салыстырғанда өзгермеген, өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 1,6 пайызға қымбаттаған), абаттандырылмаған үйдің 1 шаршы метрі 114 496 теңгені (сәйкесінше 0 және 0,8 пайызға қымбаттаған) құраған.

Қазақстанда абаттандырылған үйдің 1 шаршы метрін жалдап тұру өткен айдың көрсеткіші бойынша 1329 теңге (+1,1% және +3,8%) болып отыр.

Соңғы жаңалықтар