Қазақстанда зейнетақы қорына жыл сайын 600 млрд. теңгеден астам қаржы түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жыл сайын 600 млрд. теңгеден астам қаржы түседі. Бұл жайында бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жыл сайын 600 млрд. теңгеден астам қаржы түседі. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда шамамен 2 есеге көп. Негізгі белсенді қатысушылар жалдамалы жұмысшылар болып отыр. Олардың саны шамамен 5,5 млн. адам. 1998 жылдан бері олар толық  қатысып келеді», - деді министр.

Дүйсенованың атап өтуінше, өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың зейнетақы жинағына қатысты проблема бар.

«Бұл ретте сіздердің назарларыңызды өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 2013 жылдан бері оң нәтиже көрсете бастағандығын айтқым келеді. Салық комитетінде тіркелгендердің 31 пайызы сол жылы зейнетақы жарнасын төледі. 2016 жылы бұл сан 40 пайызға жетіп, жарна сомасы бір жылда 38,7 млрд. теңгеге жетті. Дегенмен, оқтын-оқтын проблемалар туындап отырады. Олар салық заңнамасына сәйкес 4 рет аударым жасайды», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар