Қазақстанда үздік мұрағатшылар анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда "Үздік мұрағатшы" ІІ республикалық байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Архивте жұмыс жасау - үлкен ыждағаттылық пен білімпаздықты талап етеді.

«Байқау тек білім алатын алаң  емес, жас өрендерге өз таланттары мен мүмкіншіліктерін жария ететін орынға айналды. Ең алғаш, 2015 жылы ҚР Президенті архиві елдегі үздік мұрағатшыны анықтау туралы бастама ұсынды. Қазақстанның әр өңіріндегі ұйымдар бұған қолдау білдірді. Бұл байқау елдегі архивистердің мерейін арттырып, жас мамандардың біліктілігін арттыруға септігін тигізеді деген сенімдемін», - деді Алматы орталық мемлекеттік архивінің директоры Абзал Ботанов.

Сайыста Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген мамандар бақ сынады.

Атап айтқанда, ҚР Президенті архиві, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Орталық мемлекеттік архиві, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі орталық мемлекетік ғылыми техникалық құжаттама архиві, Алматы қаласы мен Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының мемлекеттік архивтерінің командалары бақ сынады.

«Қатысушылар екі кезеңнен өтті. Біріншісінде олардың архив заңнамасы туралы білімі тексерілді. Екінші кезеңде командалардың білімі және кәсіби шеберлігі сынға түсті»,- деді  Абзал Ботанов.

Оның айтуынша, мұндай байқау Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген бірқатар міндеттердің орындалуына септігін тигізеді әрі еңбек ресурстарының сапасының артуына, жас мамандардың іскерлік белсенділігін арттыруға сеп болады.

Екі күнге созылған сайыста Қызылорда облысының жас архившілері бірінші орынға лайық деп танылды.

Екінші орынды Солтүстік Қазақстан облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының және Жамбыл облыстық мәдениет басқармасының  командалары бөлісті.

Үшінші орын Жезқазған мемлекеттік архивінің қызметкерлеріне бұйырды.

Соңғы жаңалықтар