Қазақстанда Ұлттық медициналық техникалардың деректер базасы құрылады

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Ұлттық медициналық техникалардың деректер базасын құру жоспарлануда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «ҚазМедТех» АҚ, «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау Ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК және «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК-мен бірлесіп, бағалар, өндірушілер, тіркеу мен жиынтықтар туралы ақпараттар жинақталатын Ұлттық медициналық техникалардың деректер базасын құру туралы жұмыстар жүргізіледі», - деді «ҚазМедТех» АҚ басқарма төрағасы агенттікке берген сұхбатында.

Оның айтуынша, бұл елімізде құрылған Қазақстан ұлттық дәрі-дәрмектер формулярының аналогы болады. 

«Біз бұл мәселені тездетіп шешкіміз келеді. Жоспар бойынша, медициналық техникалар бойынша деректер базасын құру 2019 жылға көзделген», - деп атап өтті компания басшысы. 

Руслан Нұрмұханов хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Ұлттық медициналық техникалардың деректер базасын құру аясында Медициналық бұйымдардың жаһандық тізбектемесі танылды.

«ҚР Медициналық бұйымдарының жаһандық тізбектемесі құрылды -nmirk.dari.kz. Қазіргі таңда денсаулық сақтау ұйымдарының теңгеріміндегі ұлттық медициналық техникалардың деректер базасын құруды одан әрі дамыту үшін медициналық бұйымдардың тізбектемесі порталын және медициналық техниканы басқару жүйесін интеграциялау мәселелері зерттелуде», - деді ол. 

Осындай ұлттық базаны құрудың арқасында денсаулық сақтау ұйымдары медициналық техниканың нақты бағасы туралы ақпараттар ала алады, ал бұл өз кезегінде медициналық техникаларды қымбат бағада сатып алуға жол бермейді.

«Болашақта медициналық техникалар туралы барлық мәліметтер Ұлттық базада болады», - деп атап өтті «ҚазМедТех» АҚ басқарма төрағасы.

Соңғы жаңалықтар