Қазақстанда ұлтаралық келісімнің бірегей бағдарламасы іске асырылуда - Еуропарламент депутаты

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық парламенттің депутаты, шетел істері бойынаш Еуропалық Парламент комитетінің мүшесі Андрейс Мамыкинс қазақстандықтардың болашаққа қалай жол салып жатқаны туралы ой-пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

«Қазақстан - 130-ға тарта ұлттың өкілдері өмір сүріп жатқан бірегей мемлекет. Әлбетте, ұлттардың біршамасы Қазақстанда тарихи тұрғыда қайғылы жағдайлармен ауып келді. Мәселен, немістер, латыштар мен литвалықтар туралы осылай деуге болады. Қазақтан әрдайым қонақжайлығымен ғана емес, басқаларға көмек қолын созуға, басқа ұлттардың басына бұлт үйірілгенде қамқорлық жасай білетін қасиетімен ерекшеленеді», - дейді ол.

Оның айтуынша, ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісін өте жоғары деңгейде бағалауға болады.

«Бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық бағдарламасы бірегей. Бұл бағдарлама өзге ұлттардың өз тілдерінде білім алуына, газет оқуына, радиостанцияларды тыңдауға жағдай жасап отыр», - дейді спикер.

Қазақстандық үлгіні басқа елдерге қолдануға әбден болады. Мұндай ойды да өз сөзінде Еуропалық Парламенттің депутаты білдіре кетті.

«Қазақстан Республикасының тәжірибесі бірегей. Одан Еуропалық Одақ та, мен Еуропарламентке сайланып отырған Латвия да үлгі ала алады. Бұл жол - өте конструктивті, әрі бұл интеграцияның моделі. Әлбетте, мен оған өте тамсана қараймын. 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні. Дәл осы күні Қазақстандағы тілі мен мәдениеті әртүрлі барлық ұлт өкілдерінің армандары бір арнаға түйіседі», - дейді Андрейс Мамыкинс.

Соңғы жаңалықтар