Қазақстанда туып-өскен отбасы Ресейдегі жарылыста қаза болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай облысында туып-өскен отбасы түгелдей Ресейде газ баллонының жарылуы салдарынан қаза болды.

Оқиға РФ Старый Оскол қаласында 5 қыркүйек күні таңертеңгі сағат 08.00-де орын алды. 33 жастағы әйел сол орында көз жұмды. Оның 10 жасар ұлы, 6 жасар қызы және 34 жастағы отағасы күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

null
 
Аталмыш факті бойынша, «абайсызда екі тұлғаны мерт қылу» бабында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Тұрғын үй жарылыс салдарынан жартылай опырылып құлаған.

Оқиға орын алған күні ұл бала көз жұмды. 15 қыркүйекте үй иесі бақилық болды. Қатты күйік жарақаттарын алған 6 жасар қыз баланы Белгород дәрігерлері Мәскеуге аттандырды. 25 қыркүйекте балдырған да жер жастанды. Жергілікті БАҚ-тың ақпаратынша, оған бірнеше ота жасалды.

null null  

Анықталғандай, Корельдер отбасы: отағасы Виталий, жұбайы Светлана, балалары Эдик пен Маша Қостанай облысы Денисов ауданы Фрунзе кентінен Белгородқа көшіп барған. Олар 8 жыл бойы пәтер жалдап тұрған.

null  

Дереккөзден мәлім еткендей, қайғылы оқиғадан екі күн бұрын олар өз күштерімен тұрғызған жаңа үйге көшіп барған. Жанұяның бақытында шек болмаған, Виталий әлеуметтік желілерге салынып жатқан үйінің фотосуреттерін жариялап тұрған.

null null  

Отбасының кішкентай Машадан басқа мүшелерінің барлығы туған елде жерленді. Алдағы күндері Денисовка ауданында қыз баланы жерлеу рәсімі өтеді. 

Alau.kz 

Соңғы жаңалықтар