Қазақстанда тұрғын үйді саудалаушылар саны артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017жылғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сату келісімдерінің саны 240 мыңға жуықтады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Былтырғы қаңтар-желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 239 588-ді құрады. 2017 жылғы желтоқсанда тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген келісімдер саны 18 902-ге құрады және өткен аймен салыстырғанда 7,9 пайызға азайды», - деп атап өтілген комитеттің хабарламасында.

Атап айтқанда, былтыр тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 26 пайызға артты.

Соңғы жаңалықтар