Қазақстанда тұңғыш рет Turkvision байқауы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда тұңғыш рет Turkvision байқауы өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер департаментінің директоры Алмаз Нұразхан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2017 жылдың айтулы оқиғаларының бірі - «Turkvision» заманауи эстрада әндері байқауы болмақ. Бұл байқау түркі халықтарының тамыры бір екендігін насихаттайды. Байқау елімізде алғаш рет өткізілмек. Бұл қазіргі уақытта келісілген дүние. Біз қонақ ретінде бұған дейінгі байқауларға жеңіске жеткендерді шақырудамыз», - деді ол.

Turkvision - түркі тілдес мемлекеттер арасындағы эстрадалық әндер байқауы. Байқауға  түркі тілдес мемлекеттер, түркі тілдес автономдық аудандар мен түркі тілдес халқының көпшілігі бар мемлекеттер ғана қатыса алады. Қатысушы елдер мен аудандар байқауды жартылай финалдан бастайды. Әр қатысушы мемлекетінің төрешілері өз мемлекетінен басқа қатысушыларға 1-ден 10-ға дейін балл бере алады. Жартылай финалдағы үздік 12 қатысушы финалға жолдама алады.

Соңғы жаңалықтар