Қазақстанда тұңғыш рет парадельфилік ойындар өтеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 1-5 қарашасы аралығында Степногор қаласында 12-ші Ұлттық дельфилік ойындар өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай,  ұйымдастырушылар Ұлттық дельфилік ойындар комитеті, Степногор қалалық əкімдігі,  ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің Азаматтық қоғам жəне дін істері бойынша комитеті бірлесіп мəжіліс өткізді.

ҚР Ұлттық дельфилік ойындарды дамыту жөніндегі  комитет директоры Құралай Түсіпбекованың айтуынша қазіргі кезде қатысушылардың саны анықталуда. Осы күні еліміздегі 500 астам талантты жастар қатысуға тілек білдірсе, 200 астам логистика бойынша мəселелер шешілуде. Басқосуда шараға еліміздің əр өңірінен келетін талант иелері 19 аталым бойынша бақ сынайтын жария етілді.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар жəне дипломдармен марапатталады, халықаралық осындай  жарыстарға ел намысын қорғайтын болады.

Мәжілісте қатысушыларды орналастырып, тамақтандыру мəселесі де сөз болды. Оған қоса қатысушылар үшін түрлі мəдени шаралар да қарастырылып отыр.

«Бізде қонақтарды аралатып, саяхат жасайтын қызықты, мəдение орындар жетерлік. Жалпы, мəдени шара ойдағыдай өтетініне сенім мол», деп атап өтті қала əкімі Əнуар Күмпекеев.

Айта кетейік, биылғы жылы 12-ші Ұлттық дельфилік ойындар шеңберінде тұңғыш рет парадельфилік ойындар өтпек. Осының арқасында мүмкіндігі шектеулі талантты жастар екі номинация (хореография жəне ым-ишара арқылы əн айту) бойынша ұлттық жобаға қатысып,  өнерлері ортаға салмақ. 

Соңғы жаңалықтар