Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналауға жататын 53,8% тұрғын егілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ағымдағы жылғы 19 қазандағы жағдайға сәйкес тұмауға қарсы 782 мың 957 адам егілді.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Бұл вакциналауға жататын азаматтардың жалпы санының 53,8% құрайды, оның ішінде 117 мың 410 медициналық қызметкерлер, 40 мың 321 жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар 206 мың 313 бала, 85 мың 118 мектеп оқушылары, 25 мың 197 мектеп, жоғары және орта білім беру ұйымдарының оқытушылары мен студенттері, 45 мың 959 қарт адамдар, 262 мың 639 жұмыс ұжымының өкілдері бар.

Аймақтардағы денсаулық сақтау басқармалары мамандары өткізетін аулаларды тексеру шараларының барысында жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балалар, сонымен қатар, вакциналанған адамдардың арасында тұмаумен сырқаттану жағдайлары тіркелмегені анықталды.

Естеріңізге сала кетейік, тұмауға қарсы жаппай вакциналау 3 қазан күні басталды. 

Соңғы жаңалықтар