Қазақстанда төрт елдің әскери барлаушылары арасында жарыс өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана» өңірлік қолбасшылығы «Спасск» оқу орталығының базасында «Алтын Үкі-2017» барлау бөлімшелерінің 9-шы халықаралық жарысы басталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі .

Бес күн ішінде Беларусь, Қазақстан, Пәкістан және Ресейдің 8 командасы үздік барлау тобын анықтайды.
«Алтын Үкі-2017» халықаралық жарысы оған қатысушылардың іс жүзіндегі жауынгерлік іс-қимылдарға жоғары моральдық-психологиялық, әскери-арнайы және дене дайындығын қалыптастыруға және ұстауға көмектесуге арналған.
Әрбір әскери қызметшіге жоғары төзімділік пен дәлдікті таныту талабы қойылады. Арнайы мақсаттағы әскери қызметшілер 10 кезеңнен өтуі тиіс. Олардың барысында барлау бөлімшелері командирлерінің жұмыс деңгейі, әскери қызметшілердің оқ ату және далалық машық деңгейі, күрделі жағдайда міндеттерді пысықтауға әзірлік деңгейі, сондай-ақ әртүрлі кәсіби амалдарды орындау деңгейі айқындалатын болады.
Биыл жарысты бақылауға Әзербайжан, Моңғолия, Үндістан мен Түркия өкілдері қатысып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар