Қазақстанда төмен байытылған отынды реактор сәтті іске қосылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда төмен байытылған отынды ИВГ.1М реакторын алғаш рет іске қосу табысты жүзеге асырылды. Бұл жайында ҚазАқпарат ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған ведомство мәліметінше, осы жылдың 18 қазанында ИВГ.1М реакторын конверсиялау бағдарламасы аясында активті аймақ құрамында төмен байытылған отынды ИВГ.1М реакторын алғашқы рет іске қосу сәтті жүзеге асырылды.  Іске қосу барысында реактордың қуаттылық деңгейі 6 МВт-қа жеткізілді және осы қуатпен 5 сағат 35 минут аралығында жұмыс істеді.

Жүргізілген іске қосу жаңа маңызды кезеңді бастады - перспективалық уран-235 (20 пайыздан кем)  бойынша төмен байытылған отыны бар ИВГ.1М реакторын сумен салқындататын технологиялық арналардың (ССТА) эксперименталды үлгілерін ресурсты реакторішілік сынақтары жасалды. Барлық жүйе штаттық режимде жұмыс істеді. ИВГ.1М реакторы ССТА-ТБУ кешенді  сынақтарын сериялы іске қосуды жүргізуді жалғастыруға дайын.

Соңғы жаңалықтар