Қазақстанда тіркелмеген «сұр тәрелкелерге» қатысты шара қолданылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік мекемелерде тек отандық телеарналар көрсетіледі. Бұл туралы Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сұр тәрелкелерді» (сертификатталмаған спутниктік антенналар) орнатқан азаматтар отандық телеарналарды қарамайды, яғни өз елінің ақпараттық кеңістігінен тыс қалып отыр. Екіншіден, «сұр тәрелкелерге» еш жерде лицензиялар алынбаған әрі тіркелмеген. Яғни олармен күрес қиындау, алайда сол жүйедегі карталармен күресуге болады. Жаңа заң жобада лицензияланбаған осы карталарды таратқаны немесе жарнамалағаны үшін жауапкершілікті қарастырдық»,-деді министр депутаттардың сұрағына жауап беру барысында.

Бұл ретте барша телеарнаны құқықтық кеңістікке келтіру көзделіп отыр.

Оның сөзіне қарағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда бұқаралық көрсетілімге тек отандық телеарналарды ұсынуға рұқсат етілді.

Бұл бағыттағы шаралар отандық телеарналардың аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар