Қазақстанда тендерлер жыл басынан бастап өткізілуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2017 жылдың соңына қарай Қазақстанда мемлекеттік сатып алулар əдеттегідей жыл басынан кейін бірнеше айдан соң емес, қаржылық жылмен қатар басталуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Енді ең біріншіден, бюджеттің сапасын арттыруға көңіл бөлеміз. Барлық деңгейінде жұмыс жүргізілуі керек. Ең алдымен, бюджет дұрыс жоспарлаудан басталады. Сондықтан, келген өтініштердің тиімділігіне қарап, бақылау күшейеді»,-дейді Бақыт Сұлтанов.

Қаржы министрінің айтуынша, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бірінші күннен бастап мəн беріліп, мемлекеттік сатып алу туралы заңға сай, конкурсант бірден басталуы мүмкін.

«Мысалы, былтырдан бастап мемлекеттік сатып алу туралы заң шықты. Бюджеттік кодекске өзгерістер енгізілді. Соған сəйкес, қаржылық жыл басталмай тұрып, конкурстарды бастауға мүмкіндік бар. Сондай жұмыстарды əр мемлекеттік мекеме уақытылы жүргізуі керек. Бұл үрдіс 2017 жылдың қараша-желтоқсан айларында басталуы мүмкін»,-дейді Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар