Қазақстанда темір жол билетінің тарифі өзгереді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Инвестициялар және даму министрлігі алдағы жылы бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттерінің бағасы жоспарлы түрде көтерілетіні жөнінде хабарлады.

Бұл өзгеріс тасымалдаушылар шығындарының өсуіне байланысты және маршруттарды сақтап қалу мақсатында жасалып отыр. Тарифтерді түзету күтілетін инфляция шегінен асып кетпейді. Осылайша, 38 бағыт бойынша билет бағасы 7%-ға, 3 бағыт бойынша 3%-ға өседі, деп күтілуде. Ал, 16 бағыттың билет құнында өзгеріс болмайды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Бұл бірнеше тасымалдаушының конкурсқа берген өтінімдеріне байланысты жасалып отыр. Ал, тасымалдаушы осы бағыттар бойынша кірістің азайып қалу тәуекелдеріне жауапты болады.

Қала маңына жүретін пойыздардың тариф өсімі 37%-ды құрайды. Бұл қала маңындағы пойыздарда жолаушыларды тасымалдаудағы базалық ставкалардың ұлғаюына байланысты.

Мысалы, қала маңындағы пойыздардың бұрынғы базалық бағасы 100 шақырымға 324 теңге еді. Ал, автокөлік жолдарында бұл баға 3-4 есе жоғары болатын.

Қала маңындағы тасымал шығынын азайту мақсатында базалық ставка 30% -ға артып, бағасы 100 шақырымға 464 теңге болады. Осылайша, әлеуметтік маңызы бар бағыттардағы жолаушылар тасымалы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар