Қазақстанда темекі бағасы қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда бөлшек саудадағы бір қорап темекенің құны 300 теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 сәуірдегі «Фильтрлі темекінің бөлшек саудадағы минималды бағасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, бір қорап темекенің бөлшек саудадағы бағасы 300 теңге болып бекітілді. Бағаны Қаржы министрлігі бекітті»,-деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісінің ресми сауалына жауап берген Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Темекі бағасының бөлшек саудадағы минималды бағасын арттыру темекі мен алкоголь санын азайтуға бағытталған, деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, енді 2017 жылы темекі өнімдеріндегі акциз бағасы 1000 данасы үшін 6200 теңге көлемінде бекітілсе, 2018 жылы бұл баға 7500 теңгеге, 2019 жылы 8700 теңгеге қымбаттайды деп болжанып отыр.

Ұлттық экономика министрлігінің мамандары атап өткендей, акциз деңгейін азайту арқылы Қазақстан мен Ресейдегі бағаны теңестіріп, Қырғыз Республикасы мен Қазақстан арасындағы тепе-теңдікті сақтауға болады.

«Әлемдегі тәжірибе көрсетіп отырғандай, акциз бағасын күрт қымбаттату контрабандалық әрекеттердің көптеп орын алуына әкеп соқтыруы мүмкін. Мысалы, Түркия мен Румынияда акциз бағасы бірден қымбаттаған кезде, 3 ай ішінде Түркиядағы заңсыз темекі саудасы 4,8 пайыздан 12,7 пайызға қымбаттап кеткен»,-деп хабарлады министрлік.

Соңғы жаңалықтар