Қазақстанда таяу үш күнде жаңбыр жауып, күн суытады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяудағы тәуліктерде республиканың солтүстік, орталық, оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарында нөсерлі жауын, кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді, ауа термпературасының төмендеуі ықтимал, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанның қалған аумағының кей өңірлерінде күн күркіреп, өткінші жауын жауады. Екпінді жел соғады. Бұл құбылыс  белсенді суық атмосфералық ағынға байланысты болуда. Оңтүстік Батыс Сібір мен Алтайға ағынның ауысуына орай бастапқыда оңтүстік және оңтүстік-шығыста, сосын Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын тоқтап, температура көтеріледі деп күтілуде.

  Астана қаласы бойынша  ауа райының консультативтік болжамы

30 мамыр: бұлтты, жаңбыр жауады, кей уақытта  жауын күшейе түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы   9-14, екпіні  15-20 м/с. Түнде температура   +10+12°С, күндіз +12+14°С.

31 мамыр: ауыспалы  бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан  соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Түнде температура   +6+8°С,  күндіз  +19+21°С.

1 маусым: ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соққан  желдің жылдамдығы  9-14 м/с. Түнде температура  +9+11°С, күндіз +19+21°С.

  Алматы бойынша  ауа райының консультативтік болжамы

30 мамыр: ауыспалы бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Желдің екпіні  10 м/с. Түнде температура   +14+16°С, күндіз+22+24°С.

31 мамыр: ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с. Түнде температура   +9+11°С, күндіз +21+23°С.

1 маусым: ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел  дің жылдамдығы 0-5 м/с. Түнде температура +9+11°С, күндіз +23+25°С.

Соңғы жаңалықтар