Қазақстанда тағы бір криптоиндустрия қауымдастығы құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде блокчейн, электронды коммерция қызметтерін қамтитын жаңа ұйым құрылды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа ұйым «DIGITAL NETWORK» сандық теxнологиялар мен криптоиндустрия қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігі деп аталады.

«Біздің қауымдастығымыз коммерциялық емес ұйым болып саналады. Бұл - кәсіпкерлердің ерікті бірлестігі. Барлығымыз кәсіпкерлік салада блокчейн теxнологияларын қолдану қажеттігін, сондай-ақ республикада криптоиндустрияны құру керектігін жақсы түсінеміз әрі осы бастамаларды қолдаймыз. Сондықтан блокчейін теxнологияларын енгізу саласында ұлттық компаниялармен, ірі және шағын бизнеспен әріптестік байланыстарын орнатуды көздейміз», - деді ұйым басшысы Олжас Мұртазин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, қауымдастық мүшелері мемлекеттік органдармен  бірлесіп жұмыс істеп, блокчейн мен криптовалюталар заңнамасын әзірлеуге айтсалысады.

Айта кеткен жөн, Қазақстанда осы салада жұмыс істейтін тағы бір ұйым бар. Оның атауы - Қазақстанның блокчейн және криптовалюталар қауымдастығы. Оны Есет Бутин басқарады.

DIGITAL NETWORK-тің инвестицияларды тарту департаментінің директоры Ерлан Шайxымбаевтың екі ұйымның айырмашылығын айтып берді.

«Қазіргі кезде біздің қызметімізге ұқсайтын тағы бір қауымдастық бар. Болашақта олармен білім беру саласында бірлескен шараларды өткізуді жоспарлап отырмыз. Енді, ол кісілер ересек адам болған соң бізден айырмашылығы - олар басқа толқында...Үлкен ағаларымыз. Бұл жерде біз 30-ға дейінгі жастар құрып жатқандықтан, біздің толқынымыз, біздің жұмысқа деген жігеріміз анағұрлым күштірек деп айтсақ болады. Сосын ол кісілерде блокчейн технологиясы болса, біз цифрлық технологиялар қауымдастығы деп алып отырмыз. Демек, біз блокчейнді ғана емес, электронды коммерцияны да қамимыз. Біз өз ұйымымызға ұлттық компанияларды, ірі және шағын бизнесті тартатын боламыз», - деп атап көрсетті Е.Шайxымбаев.

Фото: bloomchain.ru

Соңғы жаңалықтар