Қазақстанда сүндетке отырғызу ақысыз жасалуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі сүндетке отырғызу рәсімін ақысыз етуге ниетті. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған ведомствоның вице-министрі Берік Арын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Әзірге біз жұмыс деңгейінде сүндетке отырғызуды ақысыз медициналық қызметтер тізбесіне қосуды талқыладық. Біз осындай пікірдеміз және бұл ұстаным талқылаудың бастапқы кезеңінде. Осы орайда кері салдарға жол бермеу үшін бұл ұсынысты дайындаудамыз», - деді Арын.

Вице-министрдің атап өтуінше, ғұрыптың өзін діни әрі медициналық шараларға жатқызуға болады.

«Сүндетке отырғызу рәсіміне тоқталсақ, біздің заңнамада белгілі бір нормалар жоқ. Біздің ойымызша, осы мәселеде тек діни құрамдауыш қана емес, сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесі де қамтылған», деді ол.

Осы орайда ол министрлік бұл ғұрыптар медициналық мекемелерде және білікті дәрігерлер тарапынан жасалғанын дұрыс деп санайтындығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар