Қазақстанда су жолдары арқылы жүк тасымалдау көлемі артып келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылы ҚР ішкі су жолдары арқылы 15 млн тонна шамасында жүк тасымалданды. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 16 пайызға артық. Ресеймен екі ортадағы тасымал көлемі 350 тоннаны құрады, деп хабарлады  Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Кеме жолдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің арқасында  жүк тасымалының көлемі артып келеді. Навигациялық жағдайларды жақсарту жұмыстары бойынша 3 812 белгі қойылған. Тереңдету жұмыстары бойынша (3 245 мың текше метр, оның ішінде  500 мың текше метр Орал-Каспий кемежолы каналы); түзету бойынша (55 мың текше метр); су түбін тазалау (10,7 мың тонна) жұмыстары атқарылды.  Үш кемежолы шлюзы жөндеуден өткен. 2017 су жолдарының қауіпсіздігіне байланысты көлік оқиғалары тіркелмеген.  

Еліміздегі су жолдары Ертіс, Орал-Каспий және Іле-Балқаш су бассейндері арқылы жүзеге асырылады. Су жолдарының  жалпы ұзындығы 4040,5 шақырымға созылған.

Су жолдары арқылы Қазақстанда құм қиыршықтарының қоспасы, ұсақ тас, құрылыс материалдары, тұз, ағаш өнімдері,  шағын көлемді жүктер мен балық тасымалданады.

Соңғы жаңалықтар