Қазақстанда смартфонмен басқарылатын автокөліктер шығарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл «Азия Авто» зауыты смартфонмен басқаруға болатын автокөліктер шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «ҚазАвтоПром» Қазақстан автомобиль саласының кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферов мәлім етті.

«Отандық автоөндірушілер енгізіп жатқан технологиялық шешімдердің бір бөлігі ретінде алғашқы  тоқсанда «connected car», яғни «іске қосылған автомобиль» жобасы бойынша жұмыстарды бастаған «Азия Авто» зауытын ерекше атап өтуге болады. «Сonnected car»технологиялары - болашақ көлік жүйесінің дамуындағы негізгі бағыттардың бірі. Міне, жақын арада Өскемен зауытынан шыққан автомобиль иелері смартфондағы қосымша арқылы өз көліктерін басқара алады», - деді Олег Алферов.

Оның айтуынша, Өскеменде құрастырылатын әр автомобильге орнатылатын телематикалық жүйелер автокөліктің техникалық жағдайын жеке смартфон арқылы қашықтықтан бақылауға, қозғалтқышты іске қосуға және тоқтатуға, жүксалғышты ашуға, жылдамдықты, температураны қадағалауға мүмкіндік береді. Барлық жаңалықтар жуырда қолжетімді болады.  

Соңғы жаңалықтар