Қазақстанда шынымен стритрейсерлер жоқ па?

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында бірде-бір санкцияланбаған түнгі көлік жарысы тіркелген жоқ. ҚазАқпараттың ресми сауалына орай ҚР Ішкі істер министрлігі осылай деп жауап берді.

«Қазіргі уақытта республика аумағында түнгі уақытта санкцияланбаған жарыстар тіркелмеген. Жол-патрульдік полициясы көлік құралдарының топтық, санкцияланбаған және ұйымдастырылмаған қозғалысына, маневр жасау қағидалары мен жылдамдық режімін өрескел бұзу фактілерін тәуліктің күндізгі және түнгі мезгілдерінде қаланың магистральді көшелерінен анықтау және жолын кесу мақсатында шаралар қабылдауда. Құрылымдық бөліністер санкцияланбаған жарыстардың жолын кесу, тыныштықты бұзу, қоғамдық тәртіпті және басқа да жол жүрісі қағидаларын бұзу әрекеттерінің алдын алу шараларын тұрақты негізде жүргізеді», - депті министрліктен.

Алайда, таяуда Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстан Автомотоспорт федерациясының президенті Марат Әбіқаев Астана мен Алматы қалаларында түнгі көшедегі көлік жарыстары болып тұратындығын ашық айтқан болатын.

«Өкінішке орай, стритрейсерлердің (түнгі қаладағы көлік жарыстары) басым бөлігі Алматы мен Астана қалаларында орын алады. Ол балалардың дені спортшылар емес. Біз оларды спорт алаңдары жолдарына тарту үшін жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Өйткені, олар спорттық шараларға қатысатын болса, осы уақытқа дейін айналысқан тірліктерін тоқтатады. Бұған қоса, спорт алаңдарына өздерінің достарын тартатын болады. Өкінішке орай оларды өзіңе тартудан өзге ықпал ету тетігі жоқ. Сондықтан мұнымен құқық қорғау органдар айналысады және біз олармен тығыз жұмыс істеуге тырысамыз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар