Қазақстанда сексен станцияда вагонға жүк тиеу уақыты қысқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда сексен станцияда вагонға жүк тиеу уақыты қысқарды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Бірінші сыныпты және сыныптан тыс станцияларда бос вагондарды жүк тиеуге әкелу уақыты,  жүк жөнелтуші анықталған бойда жеткізу уақыты 12-15 сағаттан төрт сағатқа дейін қысқарды. Екінші сыныпты станцияларда 10-12 сағаттан бес сағатқа дейін, үшінші сыныпты станцияларда күту уақыты 10-15 сағаттан 6 сағатқа дейін қысқарды.

Оның сыртында вагондар кірме жолдарда Бірыңғай технологиялық үдеріс нормасының айналымында көрсетілген уақытта болуы тиіс. Тасымалдауға қабылданған жүкті сыныптан тыс станцияларда 5 сағаттан артық, екінші және үшінші сыныптарда 6 сағаттан артық уақытқа кідіртілмеуі тиіс.

Қазақстанның 80 станциясында 72-ші номенклатуралық топтағы қара металды экспортқа жөнелту, бұрынғыдай жүк жөнелтушінің тапсырысын қоса есептегенде, бес тәулік алған болса, қазір бір тәулікте жолға шығады.

Станциялардың жұмысындағы технологиялық үдерістерге нормативтік уақыттар бойынша қосымшалар мен өзгерістер енгізу ҚР халықаралық «Халықаралық сауда» индикаторы Doing Business рейтингін жақсартуға бағытталды.

Соңғы жаңалықтар