Қазақстанда ресейлік телеарналардың ретрансляциясы жалғасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында «НТВ-Мир», «РТР Планета», «Россия 24», «Россия Культура» телеарналарының ретрансляциясы жалғасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Ресей Федерациясы Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі басшылықтарының арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 2018 жылдың 1 наурызына дейін қазақстандық телехабар тарату кабельдік операторлары үшін «НТВ-Мир», «РТР Планета», «Россия 24», «Россия Культура» телеарналарының қолданыстағы лицензиялық құнын сақтау туралы келісім жасалды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы аумағында аталған ресейлік телеарналардың ретрансляциясы жалғасады», - делінген ведомствоның хабарламасында.

2018 жылдың басында екі елдің арасындағы телерадио хабар тарату саласындағы ынтымақтастықтың барлық аспектілері талқыланатын келіссөздер жүргізіледі, деп атап өтті министрлікте. 

Соңғы жаңалықтар