Қазақстанда полиция қатарындағы үздік ару таңдалып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда ең сұлу полицей қыз-келіншекті анықтайтын фото-байқау өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер органдарының медиа орталығы Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Полиция аруы» фото-байқауын өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл байқауға еліміздің әр өңірінде полиция қатарында қызмет атқарып жатқан арулар қатысады.

«Байқаудың басты ерекшелігі - тек қатысушылардың сыртқы түрін бағалау емес, сонымен бірге погон таққан әйелдердің ішкі әлемін, олардың кәсіби біліктілігі және жауапкершілігін де жан-жақты сарапқа салу. Мұндай байқаулар полицей-арулардың жаңа қырынан танылуына мүмкіндік береді», - дейді ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.

Сондай-ақ, байқау қызметтік борышын адал атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің беделі мен мәртебесін артуына, сонымен бірге отбасылық құндылықтардың нығаюына ықпал етеді.

Үміткер полицейлерді медиа орталықтың сайтында және Инстаграмдағы аккаунтында дауыс беруге болады. Нәтижесінде 6 үміткер таңдалады. Солардың ішінен редакциялық кеңестің шешімі бойынша «Полиция аруы» анықталады. Жеңімпазды 8 наурыз қарсаңында ҚР Ішкі істер министр арнайы құттықтайды.

Соңғы жаңалықтар