Қазақстанда PokemonGO-ға ұқсас ойын шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ЭКСПО көрмесі қарсаңында PokemonGO-ға ұқсас «Қала бұрыштары» атты квест-ойынның таныстырылымы өтті.

Ойын желісі 2017 жылғы ЭКСПО көрмесінің «Болашақ энергиялары» тақырыбымен байланысты. Ойынды ЭКСПО аясында жастардың экологияға қатысты тақырыпқа қызығушылығын ояту мақсатындағы инновациялық жоба ретінде таныстыруға болады, дейді ойынды жасаушылар.

Квест ойын бойынша, ойыншылар қаланың әр бұрышында орналасқан энергия бөлшектерін GPS арқылы іздеп табуы тиіс. Бес түрлі энергия бөлшектерін алу үшін түрлі тапсырмалар орындау шарт. Ал жиналған бөлшектерді ойыншылар виртуалды өзенге қосуы тиіс.

Мобильді қосымша Гете институтымен, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы мен Астана әкімдігінің қолдауымен жасалды. Ойынды 30 қыркүйекте неміс, ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде Google Play және App Store мобильді дүкендерінен тегін жүктеп алуға болады.

Қазіргі уақытта ойын сынақтан өтіп те үлгерген.

«Белгіленген орынды іздеудің өзі ойыншыны еліктіріп әкетеді. Тапсырмаларды орындау барысында жинақталған энергия бөлшектерін ойыншы өзенді толтыра алады. Қарауылдар әрбір энергия үшін ұпай алады. Осы ұпайлардың нәтижесінде ең үздік ойыншылар анықталады. Ойын барысында түрлі тапсырмалар беріледі, мысалы, бір затты құрастыру, сурет салу, бірнәрсені тауып, фотоға түсіру және жұмбақты немесе шифрді шешу», - дейді стратегиялық ойынды сынақтан өткізген ойыншы Анастасия Риммер. 

Оның айтуынша, аталмыш тапсырмаларды орындау барысында, ойын экологияға қатысты түрлі идеяларды ойлап табуға септігін тигізеді.

«Қаланың таза әрі тиімді дамуына қажетті ойлар мен пікірлер туып жатады. Жаңа бір үрдісті енгізу бойынша жаңа идеяларды енгізуге болады. Бұл тіпті ноу-хау. Себебі қала дамуына қатысты ойлар мен идеялар әлеуметтік желілерде жарияланады. Егер әкімдік қызметкерлері осы парақшаларды қарайтын болса, оларда жаңа жобаларға қыруар идеялар пайда болар еді», - деді ол ойынның таныстырылымында.

Сонмен қатар бұл қосымша мен үшін шетел тілдерін оқуға, оны тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. «Соның ішінде мен өзімнің қазақ және неміс тілдері білімін жетілдіруге күш салдым. Сондай-ақ ойыншы қала бойынша тегін квестке қатысуға мүмкіндік алады. Ойын арқылы өзіңнің бос уақытыңды қызықты өткізуге, қаланың сен білмеген жерлерін аралауға болады. Қалада саябақтар өте көп, алайда елорданың басқа бөлігінде тұрғандықтан, олардың барлығында болып көрмегенбіз», - деді А.Риммер. 

Оның айтуынша, бұл ойында мектеп оқушылары үшін экологиялық мәселелерді оқытуға таптырмас құрал бола алады. Сонымен қатар студенттерге де тіл дамытуға пайдалануға болады.

Айта кетейік, 6 шілдеде калифорниялық Niantic Labs компаниясы iOS және Android PokemonGo онлайн ойынын шығарды. Көптеген елдерде әлі де ресми жарияланағанына қарамастан ол 2016 жылдың басты трендіне айналып үлгерді. Қазіргі уақытта әйгілі франшиза мотивімен жасалған ойынның құрастырушыларына күніне 1,6 миллион доллар табыс тауып отыр.

игра игра игр игра  

Соңғы жаңалықтар