Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтитын жастардың үлесі артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белсенді жас қазақстандықтардың экономикалық үлесі соңғы 14 жыл ішінде ең төменгі көрсеткішке жетті, деп хабарлайды ranking.kz.

2017 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы экономикалық белсенді тұрғындардың саны 2,1 млн адамды құраған.

Бірінші тоқсанда жұмыс істейтін жастардың саны 2 млн адамға жеткен. Бұл - Қазақстанда соңғы 14 жылда жұмысқа қабілетті жас тұрғындар санының ең төменгі көрсеткіші.

2016 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда мұндай қазақстандықтардың саны 6,9%-ке азайған. Жұмыс күшіндегі жастардың үлесі 23,6%-тен 25,5%-ке қысқарған. Соңғы 5 жылда 55+ жастағы жалдамалы жұмысшылар саны 19,5%-ке артқан.

Экономикалық белсенді жастар өзін-өзі жұмыспен қамтумен айналысуда, бір жылдың ішінде өзіне жұмыс істейтін қазақстандықтар саны сәйкесінше 1,1%-ке немесе 5,2 мың адамға өскен. 

Соңғы жаңалықтар