Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерінің бағасы жыл басынан бері 11,4%-ке өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар өнеркәсіп сипатындағы қызметтерді қосқандағы бағаны 2017 жылдың қазанында 2016 жылдың қазанымен салыстырғанда 11,4%-ке арттырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап. 

Жыл басынан бері қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы өндіруші-кәсіпорындардың бағасы 6,7%-ке, тау-кен саласындағылардікі 16,3%-ке өсті. Өндірілген өнеркәсіп өнімдері 11,9%-ке, өнеркәсіп сипатындағы қызметтер 6,9%-ке қымбаттады.

Есепті кезеңде мазут 27,3%-ке, табиғи газ 24,5%-ке, мұнай 18,7%-ке, дизельді отын 13,4%-ке, көмір 10,9%-ке, сұйытылған пропан және бутан 9,9%-ке, бензин 8,1%-ке, металл рудалары 7,4%-ке қымбаттаған.

Мыстың бағасы 18%-ке өскен, мырыш 17%-ке, алюминий 11,5%-ке, қорғасын 8,6%-ке, ферроқорытпалар 6,6%-ке, құнды металдар 3,2%-ке, қара металдардың прокаты 1,6%-ке қымбаттады.

Ірі қара етін өндірушілердің бағасы 7,1%-ке өскен, сондай-ақ сүт өнімдерін (6,8%), күріш (5%), шай (3,7%), нан (2,2%), балық (2,1%), макарон өнімдерін (1,8%), маргарин (1%) өндірушілердің бағасы да өскен.

Ал жарма (26,4%), қант (20,6%), қара бидай ұнын (9,4%), бидай ұнын (2,6%), өсімдік майын (7,6%), құс етін (6,1%) өндірушілердің бағасы керісінше төмендеген.

Соңғы жаңалықтар