Қазақстанда өмір сүру сапасы жақсарып келеді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың 2017 жылғы кірісі бағаның көтерілуінен жоғары тұр, деп хабарлайды ranking.kz.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың кірісі былтырғы жылмен салыстырғанда 2,4%-ға артты. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың ақпан айымен салыстырғанда тұрғындардың наурыз айындағы сатып алу қабілеті бірден 4,8%-ға көтерілген.

Былтырғы жылы қазақстандықтың бюджетіне енетін еңбекақы мен сатып алу қабілеті орташа жылдамдықпен айына 0,2 %-ға қысқарғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы Қазақстандағы нақты табыс соңғы 7 жылда алғаш рет 4,5 %-ға құлады.

Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес Қазақстандағы өмір сүру деңгейінің негізгі көрсеткіштері қалыпты деңгейде.

БҰҰ ұсыныстарына сай, қорлардың коэффициент көрсеткіші 8-10-нан аспауы тиіс, олай болмаған  жағдайда әлеуметтік дүмпу қаупін туғызып, қоғам  жіктелуінің ұлғаюына әкеп соғуы мүмкін.  

Соңғы жаңалықтар