Қазақстанда мұнай өндіру қаңтар-қыркүйекте 12,9%-ке артты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында Қазақстанда 54,091 млн тонна мұнай өндірілді, бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,9%-ға көп деген сөз, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Есепті кезеңде: 9,926 млн тонна (2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғандағы өсім - 10,1%) газ конденсаты, 39,163 млрд текше метр (+15,8%) табиғи газ, 79,934 млн тонна (+13,6%) көмір, 29,32 млн тонна (+11,4%) темір рудасы, 73,516 млн тонна (+27,8%) мыс рудасы, 14,115 млн тонна (+1,6%) құрамында алтыны бар руда, 3,427 млн тонна (+10,7%) хром концентраты өндірілді.  

Соңғы жаңалықтар