Қазақстанда мешіттердегі тәртіптің бірыңғай ережесі бекітіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мешіттердегі тәртіптің бірыңға ережесі әзірленді. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына біздің ұсыныс бойынша мешіттердегі тәртіптің бірыңғай ережесі даярланып енгізілді», - Нұрлан Ермекбаев.

Оның атап өтуінше, соңғы кездері Қазақстанда дәл бір жоралғы өңірлерлегі имамдармен әртүрлі жасалатындығына шағымдар жиілеп кеткен.

«Сондықтан да ҚМДБ-ға жоралғылардың бөлігін бір ізге салу жайында ұсыныс жасадық, қазіргі кезде бұл үдеріс жүріп жатыр», - деп нақтылады ведомство басшысы. 

Ермекбаевтың айтуынша, имамдар жұмысының форматын өзгерту бойынша тиісті шаралар қабылданды.

«Кеңейтілген түсіндіру жұмыстары негізінен діндарлар арасында және діни ғимараттарда да жүргізілуде. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы басшылығымен бірлесе білікті имамдардың пулы құрылып, олар деструктивті ағымдардың өкілдерімен атаулы жұмыстарды атқаруға негізделген», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет сағатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қазақстанның діни аудиториясына сыртқы теріс әсерлер күшейгенін мәлім еткен болатын. 

Соңғы жаңалықтар