Қазақстанда мереке күндері аяз 30 градусқа жетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 16-20 желтоқсан аралығындағы демалыс және мереке күндеріне арналған ауа райының болжамын жария етті.

Синоптиктер алдағы бес тәулікте қар жаумайды, алайда аяз күтіледі деп отыр. «Сібір антициклонының суық және қуатты сілемдері демалыс және мереке күндері Қазақстанның бүкіл аумағындағы ауа-райын анықтайтын болады. Сондықтан ауа-райы басымырақ жауын-шашынсыз түнгі тұманмен және кәдімгідей суық температурамен күтіледі. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде кей жерлерде 30°-тан төмен аяз болады. Бұл күндері Қазақстанның барлық аумағында температура климаттық нормадан 2...5°С төмен күтілуде», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар