Қазақстанда меморгандар көптеген қадағалау мен тексеру қызметінен шеттетіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, заң жобасында 13 кодекс пен 100 заңға шамамен мыңға жуық түзету енгізілген.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет тарапынан меморгандардың қадағалау қызметіне толыққанды ревизия жүргізілді. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша бірін-бірін қайталау мен тиімділігінің төмендігіне байланысты қолданыстағы қадағалаудың 114 саласынан  25-ін, сонымен қатар тексерудің 18 саласынан үшеуін алып тастау қарастырылып отыр», - деді вице-министр.

Келесі кезекте мемлекет пен халықтың қауіпсіздігі тәуекелі мен қатеріне қатысты емес қайталанбалы іс-қимылдарды жою ескерілген. Осы орайда меморгандардың қадағалау-тексеру қызметтеріндегі 544- інің 117-сі жойылады.

Министрлік мәліметіне қарағанда, заң жобасы аясында мемлекеттік қадағалау мен тексерудің жүйесі тұжырымдамалы түрде өзгереді. Яғни ішінара тәртіп бойынша іске асырылатын тексерулердің орнына профилактикалық қадағалаудың жаңа институты енгізіледі. Сонымен қатар заң жобасы ясында әкімшілік өндірісті қозғаусыз құқықбұзушылықтың профилактикасы мен ескерту тәртіптері қарастырылған.

Бұдан бөлек енгізіліп жатқан профилактикалық қадағалау мен тексеру тәуекелдерді бағалау негізінде жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда тексерудің алдында прокуратура органдарында тіркеліп, тексеруге жататын субъектіні ескерту қажет. Осындай қадағалаудың қорытындысы бойынша кемшіліктерді жою туралы нұсқама беріледі.

Соңғы жаңалықтар