Қазақстанда мемлекет пен дін байланысының жаңа моделі қалыптаспақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мемлекет пен дін арасындағы байланыстың жаңа моделін қалыптастыру жоспарланып отыр. 

Жаңа модель дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына негізделген, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, қоғамның санасын жаңғырту саласындағы министрліктің басымды бағыттарының бірі - мемлекет пен дін арасындағы ынтымақтастықтың өзіндік моделін қалыптастыру.

"Біздің модель ұлттық дәстүрлерге, заманауи шынайылыққа, діни қағидалардың тек мейірімділік пен адамгершілік сияқты құндылықтарына негізделуі абзал. Жаңа модельді әзірлеудің арқасында дін заңнаманы жүйелі түрде жетілдіруге болады", - деді Ермекбаев бүгін министрліктің алқа мәжілісінде.

Министрдің сөзіне қарағанда, жаңа модель Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына негізделеді. Аталған құжат сарапшылардың талқылауынан өтті.

"Ол дәстүрлі руxани құндылықтарға, эволюциялық дамуға, зайырлы мемлекет қағидаларына негізделген программатикалық мәдениетті, ұлттық бірегейлікті нығайтуды көздейді. Тұжырымдама аясында діни консерватизм мен экстремизмге қарсы қоғамның иммунитетін қалыптастыратын нақты шараларды ұйымдастыру қарастырылған. Құжаттың жобасы қоғамдық талқылаудан және мемлекеттік органдармен келісуден өтті. Жуырда біз оны Үкіметке енгіземіз", - деп атап көрсетті Ермекбаев. 

Соңғы жаңалықтар